Суға бата жаздаған адамға қалай алғашқы көмек беру керек?

Суға бата жаздаған адамға қалай алғашқы көмек беру керек?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Дәрігер суға бата жаздаған қалай алғашқы көмек көрсету керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazeta.Ru-ға сілтеме жасап.

Апатты медицина кафедрасының профессоры Марина Костюченконың айтуынша, мұндай жағдайда ең маңыздысы - дұрыс алгоритмді сақтау.

Бірінші жағдай - зардап шеккен адам есін білсе: 

  • Дер кезінде тыныс жолдарын судан тазарту;
  • Зардап шеккен адамды жалғыз қалдырмау;
  • Міндетті түрде жедел жәрдемнің келуін күту;

Екінші жағдай - адам ес-түссіз және өздігінен тыныс алмайды:

  • Тыныс жолдарын ашық ету (яғни, адамның аузы мен мұрны арқылы ауа еркін өтетіндей жағдай жасау);
  • Жүрек пен өкпені іске қосатын алғашқы көмек көрсету: суға кеткен кезде алдымен 5 рет жасанды тыныс алдыру керек, содан кейін әдеттегі (классикалық) реанимация әдісімен жалғастыру;
  • Жедел жәрдем келгенше немесе адам өзі тыныс ала бастағанға дейін көмек көрсетуді тоқтатпау.

Үшінші жағдай - ес-түссіз, бірақ тыныс алып жатыр:

  • Зардап шеккен адамды бүйірімен жатқызу керек (демі жақсы шығуы үшін);
  • Жедел жәрдем келгенше жанында болу, жалғыз қалдырмау.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget