Наурыз айының соңында су тасқыны салдарынан Қазақстанның бірнеше облысын су басып, көптеген қазақстандық баспанасынан айырылды. Үкімет су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залал өтеледі деп сендірді. Заңгер Надежда Гельдт өтемақы алу үшін не істеу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Tengri Life"-ке сілтеме жасап.
Заңгер "Азаматтық қорғау туралы" заңға сәйкес (58-бап) физикалық тұлғалар төмендегі себептерге байланысты залалды өтеуді талап етуге құқылы екенін айтты:
Ал мына нәрселер өтелінбейді:
Өтінішті қалай беру керек?
Кім өтініш бере алады?
Зардап шегуші мүліктің иесі. Егер жәбірленуші жеке өзі өтініш бере алмаса, туыстары немесе басқа адамдар сенімхатпен келе алады.
Өтінішпен қатар қандай құжаттар керек?
Өтінішті қалай жазу керек?
Заң бойынша нақты үлгі қарастырылмаған. Қазақстандықтар оны еркін түрде жаза алады:
"Әкімдік зардап шеккен азаматтардың тізімін, сондай-ақ залалдың алдын ала мөлшерін анықтайды. Сондай-ақ, бюджет мөлшерін анықтауға Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Төтенше жағдайлар Министрлігі қатысады. Қосымша қажеттілік туындаған жағдайда қаржыландыру Үкімет резервінен жүзеге асырылады", - деді маман.
Оқи отырыңыз: Су тасқыны кезінде қандай сақтық шараларын жасау керек?