- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Стресстен ауруханаға түстім"....
"Стресстен ауруханаға түстім". Пәтеріне жөндеу жұмысын бастаған Мақпал Исабекованың перзентінің өміріне қауіп төнген
Пәтеріне жөндеу жұмысын бастаған танымал әнші Мақпал Исабекова тосын жайтқа тап болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Электрші келді, споттар үшін төбені тесе бастады.
Баламен баратын жер жоқ, оның үстіне жұмыс уақытын бақылау керек, сондықтан біз үйде қалдық. Жай бірінші бөлмеден екіншісіне көшіп, барлық затты пәтердің басқа бөлігіне ауыстырдық. Шаңды жұмыстар жүріп жатқанда, Тео мүмкіндігінше сыртта жүреді.
Содан электрші қонақ бөлмесіндегі еденнен шығып тұрған екі сымнан резеткі істеуі керек болды. Сөйтіп бұрғы едендегі құбырға тиіп, осы тесіп кетті, бұл құбыр туралы ешкім білмеді.
Құбырдан су тасығанда мен ешнәрсе түсіре алмадым, мен төрт аяқтап суды сүртіп, қорқып, жыладым. Су ағынын тоқтату үшін біз барлық сүлгі мен көрпені еденге лақтырдық. Біз сумен 2 сағаттан артық арпалыстық.
Құдайға шүкір, астыдағы көршілерге су жеткен жоқ. Бірақ менің екі бөлмемдегі паркет ашылып кетті, бүкіл еден бірден бөлшектелді. Ал кешке стресстен балама қауіп төніп, ауруханаға түстім", - деп жазған ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Туризм мамандығына қанша грант бөлінді?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә