Стоматит - балалар арасында жиі кездесетін ауру, ауыз қуысының қабынуы. Ол ауыздың шырышты қабатында жара, қызару, ісіну, ауыру пайда болуы және дене қызуы көтерілуі сияқты белгілер арқылы көрінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Алматының №2 қалалық емханасының арнайы емдеу-диагностикалық профилактикалық бөлімінің меңгерушісі Дастан Бақытұлының айтуынша, көптеген ата-ана бұл мәселеге баласы алғаш рет шағымданғанда ғана мән береді. Алайда стоматиттің алдын алуға болады және бұл көп күшті қажет етпейді. Тек күнделікті әдеттерді дұрыс қалыптастыру жеткілікті. Осы орайда дәрігер аурудың алдын алу жолдарын түсіндірді.
Стоматиттің пайда болуына бірнеше фактор әсер етеді:
Стоматиттің алдын алу үшін қарапайым, бірақ тиімді шараларды күнделікті дағдыға айналдыру қажет.
Баланы ерте жастан қол жууға, жеке гигиенаны сақтауға үйрету керек. Ойыншықтарды, әсіресе, жиі қолданатындарын жүйелі түрде жуып, дезинфекциялап отыру қажет. Баланың ыдыстары мен жеке күтім құралдары (қасық, тіс щеткасы, сүлгі) тек өзіне арналуға тиіс.
Баланың күнделікті рационында көкөніс, жеміс, сүт өнімдері, ет және балық болуы керек. Витаминдерге бай тағамдар ауыз қуысының шырышты қабатын күшейтеді және инфекцияға төзімділікті арттырады. Сонымен қатар, тым ыстық, өте ащы немесе қышқыл тағамдардан аулақ болған жөн.
Тіс тазалау - стоматиттің алдын алудың негізгі жолдарының бірі. Баланы бір жасынан бастап тіс күтіміне үйреткен дұрыс. Жасына сай сапалы тіс пастасы мен жұмсақ щетка таңдаған маңызды. Егер балада тісжегі болса, оны уақытында емдеу қажет.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!