Статистика: адамдар Жаңа жылда бір-бірімен жиі ұрысады

Медициналық статистикаға сәйкес, жаңа жылдық кезінде тұрмыстық және отбасылық жанжалдар көп тіркеледі. Бұл жайлы  психолог Дамиан Синайский айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.Ru"-ға сілтеме жасап.

Бір жыл бойы жиналған шаршаңқылық

Оның айтуынша, мұндай статистиканың себептерінің бірі - бір жыл бойы ішке жинақталған шаршаңқылық. Уақыт тез өтеді. Адамдарда жақын әрі ашық сөйлесуге уақыт болмайды. Ал жаңа жылдық демалыста көп бос уақыт пайда болады және адамда өткен жыл жайлы ойлануға мүмкіндік болады. Бұл көбіне орындалмаған жоспарлар мен мақсаттарға байланысты қанағаттанбау сезіміне әкеледі. Бір жыл бойы жинақталған ішкі реніштер сыртқа шыға бастайды. Мұндай кезде кейбіреулер өз-өзін сынаса, ерлі-зайыптыларда "мен неге осы адамға үйлендім" немесе "мен неге бұл адамға тұрмысқа шықтым" деген сияқты сұрақтар туындауы мүмкін.

Балалық шақтағы естеліктер

Маман бұл жағдайға балалық естеліктер де әсер ететінін айтты. Адам балалық шақтағыдай жаңа жылдық ғажайып пен қуанышты күтеді. Бұл естеліктер мен қазіргі шындық арасындағы қарама-қайшылық көбінесе көңіл күйдің түсуіне әкеледі. Кей адамдар жаңа жылды кәрілікке тағы бір қадам ретінде қабылдайды.

Ішімдікті көп ішу

Мұның бәріне алкогольді көп ішу қосылады. Осы факторлардың әсерінен адамдар жиі агрессивті болады. Нәтижесінде ойламаған жерден жанжал туындайды.

Не істеу керек?

"Мұндай жағдайларды болдырмау үшін психолог өзіңізде мереке алдында жағымды эмоциялар қалыптастыруға кеңес берді. Адамның жақсы көңіл күйі айналасындағыларға берілетінін ұмытпаңыз: сіздің позитивті көзқарасаңыз бен жақсы көңіл күйіңіз отбасы мүшелеріне беріледі. Нәтижесінде мерекелік кеш жылулық пен қуаныш атмосферасында өтеді", - деп қорытындылады Синайский.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!