Спортшы Елдос Сметов пен әнші Нұрболат Абдуллин дуэт орындауы мүмкін

Спортшы Елдос Сметов пен әнші Нұрболат Абдуллин дуэт орындауы мүмкін
Фото: видеодан кадр

Дзюдодан Әлем чемпионы Елдос Сметов пен қазақстандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин бірге ән шырқауы мүмкін, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Нұрболат Абдуллин әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 

Елдос Сметов "Қызық times" бағдарламасында қонақта болғанда жүргізуші спортшыдан сүйікті әнін орындап беруін сұраған. Әлем чемпионы Нұрболат Абдуллиннің орындауындағы "Жарық түн" әнін шырқап берген.

"Чемпионның талғамында болу оңай дүние емес. 5 қазан күні Таразда өтетін концертте дуэт тамашалайсыздар-ау", – деп жазды Нұрболат Абдуллин Елдос Сметовтің ән шырқаған видеосын бөлісіп. 

Айта кетейік, бұл – Елдос Сметовтің сахнада шырқаған алғашқы әні емес. Бұған дейін спортшының Сәкен Майғазиевпен бірге сахнада ән айтқан видеосы жарияланған еді. Спортшының бұл қабілетін желі қолданушылары "Елдос Сметов алтын медаль ғана емес, алтын дауыстың да иесі" деп бағалаған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева