Алматыда қала тұрғындары төрт саябақта жүгірді

Алматыда қала тұрғындары төрт саябақта жүгірді
Фото: Алматы марафон

Өткен демалыс күндері, яғни 20 және 21 қарашада "Жарыс қаһарманы" атты қалалық марафон өтті. Жарыс болған екі күннің ішінде бір жарым мыңнан астам спорт сүйер қауым қаладағы төрт саябақты еңсере білді.

Қатысушылар Атакент Іскерлік Ынтымақтастық Орталығы саябағында, Баум тоғайында, Алматы аренада, сондай-ақ Сайран көлі аймағында жүгірді. Шара барысында барлық қажетті қауіпсіздік шаралары сақталды. Старттық қалашыққа спортшылар тек бетперде киіп келді және жүгіруге "Ашық" қосымшасындағы мәртебесін тексергеннен кейін ғана жіберілді.

Көптеген қатысушы бірден бірнеше қашықтықты бағындырса, кейбіреулер үшін бұл алғашқы ресми жүгіру болды.

Қашықтықты еңсеруде көшбасшылар анықталды. Олар:

Баум тоғайы, 6 км-Рақымжан Келманов және Әсел Ақылбаева;
Атакент, 4 км – Pedro Vizuete және Әсел Ақылбаева;
Сайран, 5,5 км – Руслан Оглов және Екатерина Шатная;
Almaty Arena, 8 км – Рақымжан Келманов және Айнұр Әлімбетова.

Бұл жарыста жасы ең үлкен қатысушылардың бірі Дузе Мавлютова болды. Ол – 84 жаста. Бұған дейін де бірде-бір бастаманы қалт жібермеген қартты мәре сызығында немересі қарсы алуды әдетке айналдырған.

Барлық жеңімпаздар Серіктестер дайындаған бағалы сыйлықтар мен жүлделерге ие болды.  Ал қалған жүгірушілер мәреде медальдармен марапатталды. Әр локацияда өзінің ерекше көзге түскен медалистері де болды.

"Локация Қаһарманы" марафоны биылғы жылдың соңғы жүгіру жарысы, - деп түсіндірді "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қорының директоры, жүгіру жарысының ұйымдастырушысы – Салтанат Қазыбаева. 2021 жыл әуесқой спорттың барлық саласы үшін өте маңызды жыл болды. Пандемиядан кейін біз марафонға біраз түзетулер енгіздік. Бір айта кететін жайт жүгірушілер барлық ережелерді қиналмай қабылдап, оңай ұстанады және олардың қазіргі кездегі қажеттілігін ескереді. Келесі жылы біз көптеген қызықты старттарды жоспарлап қойдық.

2022 жылы ұйымдастырушылар қысқы жүгіру жарысын, 1 шақырымға жүгіруден ашық кубок, сондай-ақ Алматы жартылай марафонын, "Tau Jarys" тау жарысын, Нұр-сұлтан жартылай марафонын, жазғы жүгіру жарысын, Tour of World Class Almaty, City Run веложарысын және, әрине, жылдың ең үлкен жарысы – "Алматы марафонын" өткізуді жоспарлап отыр. Алматы жартылай марафонына тіркелу қазірдің өзінде ашық. Қалған сөрелерге тіркелу келесі жылы ашылады.

Н. Үсенова