ӘЧ-2021. Махмұд Сабырхан үнді боксшысын жеңіп финалға шықты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
ӘЧ-2021. Махмұд Сабырхан үнді боксшысын жеңіп финалға шықты
Фото ©️ kfb.kz

54 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақ боксшысы Махмұд Сабырхан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында бақ сынайды. Отандасымыз жартылай финалда үнді боксшысы Акаш Кумарды жеңді.

БӨЛІСУ

Махмұд Сабырхан спорт жанкүйерлерін ерекше бокс өнерімен тәнті етуде. Шабуылдағы жылдамдығы мен қорғаныстағы қырағылығы ерекше. Үнді боксшысына қарсы жекпе-жекте де Махмұд мықтылығын мойындатты. Есеп 5:0.

Айта кетейік, осыған дейін 48 килоға дейінгі салмақта Теміртас Жүсіпов финалға шыққан болатын. Алда үш боксшымыз жартылай финалдық жекпе-жегін өткізеді.