Қазақ боксшылары ширек финалда кіммен жұдырықтасады?

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Қазақ боксшылары ширек финалда кіммен жұдырықтасады?
Фото ©️ AIBA

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына 10 отандасымыз жолдама алды. Осылайша өзге құрамалардан оқ бойы озық тұр.

БӨЛІСУ

Ширек финалға шыққан боксшылар саны басым құрамалар:

Қазақстан — 10
Ресей — 8
Өзбекстан — 6
Куба — 6
АҚШ — 6
Үндістан — 5
Таиланд — 5
Әзербайжан — 4

Бүгін жартылай финал үшін өтетін жекпе-жектер басталады. Қазақ боксшыларына сәттілік тілейміз.

1/4 финал.

Күндізгі сессия

48 кило
Теміртас Жүсіпов – Нодиржон Мирзахмедов (Өзбекстан) — 18-00-де шығады.

54 кило
Махмұд Сабырхан – Майкл Тринидад (Бразилия) — шамамен 18:30-18:45-терде шығады.

60 кило
Саматәлі Төлтаев – Софиан Умиха (Франция) — шамамен 18:45— 19:00-дерде шығады.

67 кило
Абылайхан Жүсіпов – Чинзориг Баатрусух (Моңғолия) — шамамен 19:30-19:45-дерде шығады.

75 кило
Нұрқанат Райыс – Салватор Кавалерро (Италия) — шамамен 19:45-20-00-дерде шығады.

Кешкі сессия

51 кило
Сәкен Бибосынов – Юберхен Мартинес (Колумбия) — 23:00-де шығады.

57 кило
Серік Теміржанов – Эдуард Савин (Ресей) — шамамен 23:20-23:30-дарда шығады.

63,5 кило
Санатәлі Төлтаев – Рис Линч (Шотландия) — шамамен 00:00-00-15-терде шығады.

71 кило
Асланбек Шымбергенов – Юри Захариев (Украина) — шамамен 00:15-00-30-дарда шығады.

80 кило
Нұрбек Оралбай – Владимир Мирончиков (Сербия) — шамамен 00:45-01-00-дерде шығады.

Бокстан әлем чемпионаты 6 қарашаға дейін созылады. Жарыстың жүлде қоры 2,6 миллион долларды құрайды. Жарыс жеңімпаздары 100 мың АҚШ долларына ие болады. Күміс жүлдегерлер – 50 мың, қола жүлдегерлер 25 мың доллар алады.