Қазақстан әлем чемпионатын 4-орынмен аяқтады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Қазақстан әлем чемпионатын 4-орынмен аяқтады
Фото ©️ kff.kz

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатында 4-орын алды. Қола жүлде үшін таласта отандастарымыз Бразилия құрамасына жол берді. 

БӨЛІСУ

"Каунас Аренада" өткен ойында бразилиялықтар 4:2 есебімен жеңіске жетті. Кака жаттықтыратын қазақстандықтар екі рет есепте алда тұрғанмен, басымдықты сақтап қала алмады. 

Бірінші болып Бразилия құрамасының қақпашысы Гита автогол соқса, екінші тайм басында Тайнан қателесті. Оның Игитаға берген добы өз қақпамызда тулады. Тайнан қарсылас қақпасына да гол соғып, отандастарымызды алға шығарды. Артынша Хорди Родриго есепті теңестірді. 

Ойынның аяқталуына 5 минут қалғанда бразилиялықтардың жолы болды. Алдымен Карлос Феррао қазақстандықтардың қателігін оңтайлы пайдаланса, Жефферсон Ле есепті еселеп кетті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 5 дүркін әлем чемпиондарына жол беріп, төртінші орынға тұрақтады.