Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты

Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты
Фото: instagram.com/altynbekova_20

Қазақстандық танымал волейболшы қыз Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты. Бұл туралы ол өзінің instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

- Бұл жылды ең керемет жігіттің жұбайы болып аяқтаймын, - деп жазды спортшы қыз.

Сабина парақшасына неке қию сәтінде түсірілген фотоны салған. Оқырмандары волейболшы қызға ақ тілегін жаудыруда. Жұбайының есімі - Саят Салманұлы.

Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы да instagram желісінде некелерін қиғаны жайлы хабарлап, жастарға бақыт тіледі. 

Айта кетейік, осыған дейін Сабина Алтынбековаға қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов та өз сезімін білдірген еді. 

Н. Үсенова