Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингінде үздік бес боксшы қатарына қосылды

Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингінде үздік бес боксшы қатарына қосылды
Фото: facebook.com

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде 5-орынға көтерілді.

72,6 килоға дейінгі салмақтағы рейтингте Жәнібек бір саты жоғарылаған. Өткен айда 6-орында болатын. Ал бұл салмақтағы WBC чемпиондық белбеуі америкалық Джермалл Чарло еншісінде.

Қазақстандық боксшы жаңарған рейтингтен кейін твиттерде Джермалл Чарлоға дайын бол деп жазба қалдырды.

Жәнібек Әлімханұлы WBC-тен бөлек, WBA рейтингінде – 15-ші, IBF рейтингінде – 11-ші, ал WBO рейтингінде 3-орында тұр.

“Qazaq style” лақап атымен танылып жүрген отандасымыз орта салмақта WBO Global белбеуінің иегері. Қазанда рингке шығып, аргентиналық боксшы Гонсало Корионы екінші раундта нокаутпен жеңген еді.

Н. Үсенова