Нұр-Сұлтанда футзалдан жаңа клуб құрылды

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Нұр-Сұлтанда футзалдан жаңа клуб құрылды
Фото ©️ urmary.cap.ru

Нұр-Сұлтан қаласында тұңғыш рет футзалдан жаңа клуб құрылды. Бұл туралы жергілікті спорт басқармасы хабарлады.

БӨЛІСУ

Жаңадан құрылған клубқа "Nur-Sultan" атауы берілген. Клуб Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен құрылды. Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі таңда елордада мини-футболмен 70 мыңнан аса бала шұғылданады. 100-ге жуық жекеменшік және мемлекеттік клубтар мен футбол мектептері жұмыс істеп жатыр. 

"Nur-Sultan" клубы 21 қазан күні ел назарына ұсынылады. Клубтың негізгі мақсаты аталған спорт түрі арқылы халыққа бұқаралық спортты насихаттау болмақ. 

Қазіргі таңда азақстан чемпионатында 8 команда бақ сынайды. Алматының "Қайраты" ешкімге дес берер емес. "Nur-Sultan" командасы биыл Қазақстан Кубогы мен ел чемпионатына қатысады деп жоспарланып отыр.