Қанат Исламның жекпе-жегі кейінге шегерілді

Қанат Исламның жекпе-жегі кейінге шегерілді
Фото: Massaget

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) жекпе-жегі кейінге шегерілді. Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлады.

Qazaq лақап атымен танымал боксшымыз 16 қазан күні АҚШ-тың Плант-Сити қаласында Nelsons Promotion компаниясының ұйымдастыруымен өтетін кеште шаршы алаңға шығуы қажет болатын.

Қанат Ислам мексикалық боксшы Хесус Гурроламен (27-3-15, 14 КО) жұдырықтасады деп жоспарланған. Алайда 32 жастағы боксшы АҚШ-қа виза ала алмай, шекарадан өтпеді.

Естеріңізге сала кетейік, екі жыл бойы рингке шықпаған Қанат Ислам шаршы алаңдағы соңғы жекпе-жегін қазан айында өткізіп, намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілердің шешімімен ұтқан еді.

А. Рысдәулет