Агапова UFC-дегі дебютінде жеңіске жетті

Қазақстандық UFC файтері Мария Агапова Ханна Сайферспен кездесіп, жеңіске жетті. Жекпе-жек Лас-Вегаста UFC Fight Night 172 турнирі аясында өтті. Бұл – Агапованың UFC-дегі бірінші жекпе-жегі.

Кездесу бұған дейін бастапқы кардта өтеді деп жоспарланған, бірақ кейін оны негізгі кардға ауыстыру туралы шешім қабылданған.

Екі файтер негізгі кардқа лайық жекпе-жек өткізді. Кездесу басталып, 2 минут 42 секунд өткенде Агапова қылқындыру әдісімен бірінші раундта жеңіске жетті.

Осылайша Мария Агапова қазақстандық әйел спортшылар арасында жекпе-жекке шыққан бірінші спортшы атанды. Бұл оның мансабындағы тоғызыншы жекпе-жегі.