Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұловтың беделді UFC ұйымындағы алғашқы жекпе-жегі қашан және кімге қарсы өтетіні белгілі болды. 

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін 13 маусым күні америкалық спортшы Джордан Эспинозаға қарсы өткізуі қажет болатын. Алайда коронавирус пандемиясының салдарынан бұл кездесу өтпейді.

Бүгін белгілі болғандай Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебютін 11 шілде күні өткізеді. Абу-Дабидегі "Жауынгерлер аралында" өтетін UFC 251 кешінде қазақстандық спортшы бразилиялық Раулиан Паиваға (19-3) қарсы жұдырықтасады.

Жалғас Жұмағұловтың өзі Twitter-дегі парақшасында "Біздің уақыт келді" деп үш тілде жазған.

Біздің уақыт келді ???????????? Пришло наше время ???? The time has come ???? @sayatmma #Kazakhstan

— Zhalgas Zhumagulov (@ZhakoZhumagulov) June 9, 2020

Fight Nights Global ұйымының чемпионы Жалғас Жұмағұлов болса мансабында 16 жекпе-жек өткізген. Оның үшеуінде қарсыласы есе жіберсе, қалған он үш жекпе-жегінде жеңіске жеткен. Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында Fight Nights Global 95 турнирінде өткізді. Ол кезде Жалғас ресейлік Али Багаутиновты төрешілердің шешімімен жеңіп, чемпиондық белбеуін қорғап қалды.

Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісімшартқа отырған екінші қазақстандық спортшы. Бұған дейін M-1 Global чемпионы болған Шавкат Рахмонов беделді ұйымның қол астына өткен. 

Бөлісу: