Әлемнің ең қымбат футболшылары

CIES Football Observatory сараптама компаниясы әлемнің ең қымбат футболшыларының рейтингін түзді.

Тізімді бұрынғыша "Пари Сен-Жерменнің" шабуылшысы Килиан Мбаппе бастап тұр. Француз футболшысының нарықтағы құны 259,2 миллион еуроны құрайды. Екінші орынға "Манчестер Ситидің" ойыншысы Рахим Стерлинг жайғасты. Оны сатып алу үшін клуб 194,7 миллион еуроға шығындалу қажет екен. Үштікке "Боруссияның" жас футболшысы Джейдон Санчо енді. 2000 жылы туған Санчоны нарықтағы құны – 179,1 миллион еуро. 

Қақпашылар арасында ең қымбаты "Манчестер Сити" қақпасын қорғайтын Эдерсон (86,8) екен. Ал "Ливерпуль" ойыншысы Трент Александер-Арнолд (171,1 млн) әлемдегі ең қымбат қорғаушы атанды. 

"Барселонаның" капитаны Лионель Месси рейтинге бар болғаны 21 (100,1) орынға жайғасса, "Ювентустің" шабуылшысы Криштиану Роналдуға 70 (62,8) орын бұйырыпты.

Әлемнің ең қымбат футболшылары:

1. Килиан Мбаппе (ПСЖ) – 259,2 миллион еуро;

2. Рахим Стерлинг ("Манчестер Сити") – 194,7;

3. Джейдон Санчо ("Боруссия" Дортмунд) – 179,1;

4. Трент Александер-Арнольд ("Ливерпуль") – 171,1;

5. Маркус Рашфорд ("Манчестер Юнайтед") – 152,3;

6. Мохамед Салах ("Ливерпуль") – 144,9;

7. Садио Мане ("Ливерпуль") – 139,2;

8. Антуан Гризманн ("Барселона") – 134,6;

9. Альфонсо Дэвис ("Бавария") – 133,5;

10. Харри Кейн ("Тоттенхэм") – 118,7.