Головкин XXI ғасырдың үздік 100 спортшысының қатарына енді

Головкин XXI ғасырдың үздік 100 спортшысының қатарына енді
Фото: GGG

Бокстан IBF және IBO тұжырымдарының орта салмақтағы чемпионы Геннадий Головкин XXI ғасырдың үздік 100 спортшысының қатарына енді.

Marca XXI ғасырдың үздік 100 спортшысы рейтингінде 61-100 орын алған спортшыларының тізімін жариялады. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 77-ші сатыға жайғасты. 

Қазақстандық былғары қолғап шебері "Алтын доп" иегері Лука Модрич, теннисші Стэн Вавринка, жеңіл атлет Мо Фару, баскетболшылар Ману Джинобили мен Тони Паркер секілді танымал спортшылардың алдын орап кетті. 

Геннадий Головкин мансабында 40 жекпе-жекте жеңіске жетсе, біреуінде тең түсіп, біреуінде ұтылған. Сондай-ақ қазақстандық боксшы WBC мен WBA Super белбеулерін иемденген. Қазір оған IBF және IBO тұжырымдарының чемпиондық белбеуі тиесілі.

Marca рейтингі (61-100 орын):
61. Тони Боу (Испания, мотоспорт)
62. Юдзира Ханю (Жапония, мәнерлеп сырғанау)
63. Эштон Итон (АҚШ, жеңіл атлетика)
64. Сидни Кросби (Канада, хоккей)
65. Бен Эйнсли (Ұлыбритания, желкенді спорт) 
66. Райан Лохте (АҚШ, жүзу)
67. Икер Касильяс (Испания, футбол)
68. Стив Карри (АҚШ, баскетбол)
69. Оскар Фрейре (Испания, велоспорт)
70. Мартен Фуркад (Франция, биатлон)
71. Франсиско Хавьер Гомес Нойя (Испания, триатлон)
72. Джейми Дуайер (Австралия, хоккей)
73. Иржи Ежек (Чехия, велоспорт)
74. Алекс Родригес (АҚШ, бейсбол)
75. Линь Дань (Қытай, бадминтон)
76. Пау Газоль (Испания, баскетбол)
77. Геннадий Головкин (Қазақстан, бокс)


78. Калеб Дрессел (АҚШ, жүзу)
79. Хорхе Лоренсо (Испания, мотоспорт)
80. Тамаш Кашаш (Венгрия, су полосы)
81. Рори Макилрой (Солтүстік Ирландия, гольф)
82. Том Бонен (Бельгия, велоспорт)
83. Уэйд ван Никерк (ОАР, жеңіл атлетика)
84. Ману Джинобили (Аргентина, баскетбол)
85. Миккель Хансен (Дания, гандбол)
86. Алекс Хоннольд (АҚШ, құзға өрмелеу)
87. Дэн Картер (Жаңа Зеландия, регби) 
88. Стэн Вавринка (Швейцария, теннис)
89. Адам Пити (Ұлыбритания, жүзу)
90. Мо Фара (Ұлыбритания, жеңіл атлетика)
91. Лука Модрич (Хорватия, футбол)
92. Фалькао (Бразилия, футзал)
93. Луис Амадо (Испания, футзал)
94. Тони Паркер (Франция, баскетбол)
95. Марк Кавендиш (Ұлыбритания, велоспорт)
96. Брукс Кепка (АҚШ, гольф) 
97. Себастьен Ожье (Франция, ралли)
98. Владимир Кличко (Украина, бокс)

99. Косукэ Китадзима (Жапония, жүзу)
100. Лука Дончич (Хорватия, баскетбол)

 
А. Рысдәулет