Роналду ХХІ ғасырдағы А сериясының үздік ойыншысы атанды

Роналду ХХІ ғасырдағы А сериясының үздік ойыншысы атанды
Фото: berita.baca.co.id

"Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду голдарға жұмсалған минут бойынша 2000 жылдан бергі А сериясының үздік ойыншысы атанды.

35 жастағы футболшы орта есеппен әр 110 минут сайын гол соққан. Сонымен бірге үздік үштікке Кристиан Вьери (орташа 115 минут) және Давид Трезеге (127 минут) кірді.

transfermarkt.ru

Еске салайық, Роналду А сериясында 2018 жылдың жазынан бастап ойнайды. Ол осы маусымда "А" сериясындағы үздік сұрмергендер арасында "Лацио" шабуылшысы Чиро Иммобилден кейін екінші орында келе жатыр.

Т. Раушанұлы