Марсело: «Мен - сол жақ қапталдағы әлемнің ең үздік қорғаушысымын»

Марсело: «Мен - сол жақ қапталдағы әлемнің ең үздік қорғаушысымын»

Мадридтік "Реал" командасының қорғаушысы Марсело қазіргі таңда өзінің әлемдегі сол жақ қапталда өнер көрсететін ең үздік қорғаушы екенін мәлімдеді.

"Өзімді сол жақ қапталдағы ең үздік қорғаушы ретінде санаймын. Өйткені, мен өзіме сенемін. Және ойыншы ретінде осы бағытымнан таймай өсіп-өркендей беруім тиіс", - деп Soccerway Марселоның сөзін назарға ала кетеді.

Сонымен қатар бразилиялық ойыншы өзінің кімге еліктейтінін де жасырмады. Ол, әрине - Роберто Карлос.

"Ол менің футболдағы пірім саналады. Ешкімге құпия емес деп санаймын. Бүгінгі күннің өзінде де мен онымен сөйлескенде жиі-жиі мазасыздана беремін. Себебі, ол әрқашан мықты адамдардың қатарында", - депті Марсело.

Естеріңізге сала кетсек, корольдық клубта сол жақ қапталда өнер көрсететін қорғаушы қазан айында қатардан шығып қалған еді. Кезекті бір ойында оң жақ табан сүйегін жарақаттап алған болатын.

сурет:news.sport-express.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига