Токио Олимпиадасы 2021 жылға шегерілді

Токио Олимпиадасы 2021 жылға шегерілді
Фото: EssentiallySports

Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ Халықаралық Олимпиада комитетініне төртжылдықтың басты додасын 1 жылға шегеруді ұсынды.

Коронавирус пандемиясының өршіп тұрған уақытында ХОК басшысы Томас Бах ұсынысты қабылдаған. Биыл 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі қажет болған Олимпиада ойындары 2021 жылға қалды. Әзірге нақты қай мезгілде өтетіні анықталған жоқ.

"Олимпиаданы өткізбеу - қате болатынын түсіндік. Сондықтан спортшылар Олимпиадаға нағыз бабында келу үшін, ал көрерменге қауіпсіз болу үшін бір жылға шегеруді шештік", - деді Синдзо Абэ.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты әлемде барлық ірі спорттық іс-шаралар тоқтады. Жақында футболдан Еуропа чемпионаты да бір жылға шегерілгені белгілі болған еді.

 
А. Рысдәулет