Бекзат Нұрдәулетов Амманда алтын алды

Бекзат Нұрдәулетов Амманда алтын алды
Фото: 365info.kz

Бокстан Иордания елінің астанасы Амманда өтіп жатқан лицензиялық турнирде әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов Қазақстан құрамасының қоржынына алтын салды. 81 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз финалда аустралиялық Пауло Аокусоны ұтты.

Бекзат бірінші раундта 3:2 есебімен басым болып шықты. Ал екінші раундта айқын басымдығын байқатты. Үшінші раундта қарсыласын жойқын соққыларымен бір есеңгіретті. Төреші есеп ашып, нокдаун болды. Нәтижесінде отандасымыз айқын жеңіске жетті.

Айта кетейік, қазақ боксшылары арасынан үшінші болып шаршы алаңға көтерілді. Оған дейін Закир Сафиуллин Өзбекстандағы қандасымыз Елнұр Әбдірайымовқа есе жіберсе, Әбілхан Аманқұл филиппиндік Эумер Марсиалды жеңе алмады.

Н. Үсенова