Боксшы Бекзат Нұрдәулетов Олимпиада лицензиясын жеңіп алды

Бокстан 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен боксшы ширек финалда тәжікстандық Шаббос Нигматоллаевпен рингке шықты. Тартысты жекпе-жектің соңғы раундында Бекзат қабағын жарып алғанымен, қазақстандық боксшы жеңімпаз атанды. Төрешілердің бағасына тәжік командасының көңілі толмай, ғайбат сөздер айтып жатты. Ал бес төрешінің бесеуі де жекпе-жекте Нұрдәулетовтің мықты болғанын растады.

Осылайша, бокстан Қазақстан қоржынына екінші жолдама түсті. Бұған дейін Абылайхан Жүсіпов Токио ойындарына лицензия ұтып алған еді.