Илья Ильин халықаралық жарыста топ жарды

Илья Ильин халықаралық жарыста топ жарды

Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин дәстүрлі 6-шы Халықаралық бірлік чемпионатта алтыннан алқа тағынды.

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан байрақты бәсекеде Илья Ильин 102 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған болатын. Қазақстандық зілтемірші қос сайыс қорытындысы бойынша 355 килоны бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды. Күміс жүлде Катар спортшысы Фарес Ельбахтың (353 кило) қанжығасында кетті. Үздік үштікті жергілікті ауыр атлет Умарбек Шохназаров (341 кило) түйіндеді. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан қоржынына Игорь Сон алтын жүлдені салған болатын. Ол 61 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде 286 килоны бағындырып, топ жарды. Аталмыш жарыс Токио Олимпиадасының іріктеу турнирі саналады. Дүбірлі додада 47 елдің ауыр атлеттері бақ сынап жатыр.

 
Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты