Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Әлемнің қос мықтысы рекорд жаңартты

Әлемнің қос мықтысы рекорд жаңартты

Әлемнің қос мықтысы рекорд жаңартты

Бұл күндері футбол әлемінде қос мықты саналып жүрген Криштиану Роналду мен Лионель Месси демалыс күндері кезекті рекордтарын орнатты.

Роналду өнер көрсететін туриндік "Ювентус" Италия чемпионаты аясында "Парма" командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Португалиялық ойыншы 43 және 58-ші минуттарда гол соғып, дубль авторы атанып қана қоймай, командасына жеңіс әперді. 

Осылайша жеті матчта қатарынан гол соққан Криштиану Роналду кезекті рекордын жаңартты. Соңғы 15 жылда "Ювентустің" бір де бір футболшысы мұндай көрсеткішке жетпеген. Сондай-ақ "КриРо" Еуропаның ең мықты лигаларында 14 маусым қатарынан 15 голдан көп соққан алғашқы ойыншы атанды. Португалиялық футболшы 2006/07 жылғы маусымнан бері 414 гол соққан екен.

Оның басты бәсекелесі Лионель Месси де қарап жатпады. Каталониялық "Барселона" Испания чемпионатында "Гранаданы" жеңді. Матчтың тағдырын шешкен жалғыз допты Месси 76-ші минутта соқты. Бұл голдың арқасында аргентиналық футболшы Испания чемпионатында 16 күнтізбелік жыл бойы гол соққан алғашқы ойыншы атанды.

Әзірге Еуропаның үздік 5 лигасында тек үш футболшы Мессиден көп көрсеткішке ие. Криштиану Роналду – 18, "Верона" шабуылшысы Джампаоло Паццини мен Бордоның" ойыншысы Джимми Бриан 17 жыл бойы үзбей гол соғып келеді.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: FOX Sports Asia
Қосылған күні: 20 қаңтар, 11:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.