Макгрегор қарсыласын 40 секундта жеңіп шықты

Макгрегор қарсыласын 40 секундта жеңіп шықты
Фото: Reuters

Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор UFC 246 турнирінің басты жекпе-жегінде жарқын жеңіске жетті. Америкалық қарсыласы Дональд Серронені 40 секудта жеңіп шықты.

Жекпе-жек 5 раундқа жоспарланған. Алайда бірінші раундтың бір минуты өтпей-ақ Макгрегор мықтылығын мойындатып кетті.

Ирландиялық спортшы бұл жекпе-жек үшін 3 миллион доллар сыйақы алады. Ал Дональд Серроне 200 мың доллар табысқа кенелді.

Н. Үсенова