"Реал" – Испания Суперкубогы иегері

"Реал" – Испания Суперкубогы иегері
Фото: Al Bawaba

Сауд Арабиясында өткен футболдан Испания Суперкубогының финалында "Реал" "Атлетиконы" ұтып, жеңіс тұғырына көтерілді. 

Қос команда 90 минут бойы гол соға алмады. Қосымша берілген 30 минутта "Реалдың" ойыншысы Федерико Вальварде алаңған қуылғанмен, нәтиже өзгерген жоқ. Ал пенальти сериясында "корольдік клуб" қарсыласын 4:1 есебімен ұтып шықты.

"Реал" өз тарихында 11-ші мәрте Испания Суперкубогын иемденді. Бұл көрсеткіш бойынша мадридтік ұжым 13 жеңісі бар "Барселонаға" ғана есе жіберіп тұр.

 
А. Рысдәулет