2019 жылы Instagram арқылы ең көп табыс тапқан жұлдыздар белгілі болды

Футбол жұлдызы Криштиану Роналду 2019 жылы Instagram әлеуметтік желісі арқылы ең көп табыс тапқандар арасынан көш бастады.

Buzz Bingo компаниясы тарапынан түзілген рейтинг бойынша, ол бір жыл ішінде Instagram әлеуметтік желісі арқылы 47,8 миллион доллар табыс тапқан. Сарапшылардың бағалауынша, португалиялық футболшы әлеуметтік желідегі бір посты үшін шамамен 1 миллион доллардан аса ақы алады. 

Екінші орынды тағы бір футбол жұлдызы – Лионель Месси иеленген. Ол 2019 жылы Instagram арқылы 23,3 миллион доллар табыс тапқан. Оның бір пост үшін алатын орташа ақшасы – 677 мың доллар.

Үшінші орында америкалық супермодель Кендалл Дженнер. Ол әлеуметтік медиа арқылы биыл 23 миллион доллар табыс тапқан. Сондай-ақ, топ ондыққа оның сіңлісі Кайли Дженнер (8-орын) және әпкесі Хлое Кардашян (10-орын) енген. Үздіктер қатарынан әнші Селена Гомес, футболшылар Дэвид Бекхэм, Неймар, Златан Ибрагимович және Роналдино да көрінген.

2019 жылы инстаграм арқылы ең көп табыс тапқан 5 футболшы:

1. Криштиану Роналду — 47,8 миллион доллар.
2. Лионель Месси — 23,3 миллион доллар;
3. Дэвид Бекхэм — 10,7 миллион доллар;
4. Неймар — 7,2 миллион  доллар
5. Златан Ибрагимович — 4 миллиона доллар 

Айта кетейік, футболшылар инстаграмда спорттық брендтер, чипсылар және басқа  да өнімдерді жарнамалау арқылы ақша табады.