Садриддин Ахмедов қарсыласын нокаутпен жеңді (видео)

Садриддин Ахмедов  қарсыласын нокаутпен жеңді (видео)
Фото: newtimes.kz

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (10-0, 9 КО) өзінің кәсіби рингтегі кезекті кездесуін өткізді.

Монералда Ахмедов аргентиналық Хосе Вильялобоспен(12-5-2, 7 КО) кездесті. Садриддин жетінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңімпаз атанды.

Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірердің алдында-ақ бұрыштан-бұрышқа қуалап, ауыр соққының астына алған.


Жеңіліп көрмеген қазақстандық үшін бұл 2019 жылғы 5-ші жекпе-жек болатын. Садриддин олардың 4-уін мерзімінен бұрын аяқтады. Ахмедовтің осымен кәсіби рингте 11 жеңісі бар және ол өз жолынан жаңылмай келеді. Ал Вильялобос үшін бұл - алтыншы жеңіліс.

Т. Раушанұлы