GGG мен CR7. Спорт жұлдыздары жаңа жобада жолықты

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен әлем танитын футбол жұлдызы Криштиану Роналду бірлескен жобаны жүзеге асырмақ. Бұл жайында спорт жұлдыздары Instagram парақшаларында жазды.

Спортшылар жазғандай, екі спортшы DAZN-ның Туриндегі түсірілім жұмыстарына қатысуда. Қандай түсірілім, қандай жоба екені әзірге құпия сақталып отыр.

- Криштиану Роналду досыммен Туриндегі тамаша күн. DAZN жаңа жобасын дайындаудамыз, - деп жазды Головкин өз парақшасына.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)4 Дек 2019 в 11:17 PST

Португалдық футболшы болса қазақстандық боксшыға «GGG» есімі жазылған 7-ші нөмірлі «Ювентус» клубы жейдесін сыйға тартқан. Сондай-ақ суретте Роналду бокс қолғабын киіп тұр.

- Ерекше досыммен бірге DAZN жаңа жобасы жолында жұмыс жасаудамыз. GGG сені көргеніме қуаныштымын, - деп жазды Роналду.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)4 Дек 2019 в 11:13 PST

Айта кетейік, Роналду – Головкин ерекше жанкүйерлік танытатын футболшылардың бірі. Осыған дейін бірнеше сұқбатында бұл жайында айта кеткен.