Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Месси Чемпиондар Лигасында рекорд жаңартты

Месси Чемпиондар Лигасында рекорд жаңартты

Месси Чемпиондар Лигасында рекорд жаңартты

Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар Лигасы топтық сатысындағы бесінші тур ойындары мәресіне жетті. Каталониялық “Барселона” футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар Лигасында жаңа рекордтың авторы атанды. Сонымен қатар Лионель Месси бүгін “Барселона” сапындағы 700 ойынын өткізді.

Аргентиналық ойыншы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің бесінші тур матчында Дортмундтың Боруссиясына қарсы гол соқты. Неміс клубы осы турнир аясында Месси соққан 34-ші команда болды. Чемпиондар Лигасы тарихында әр түрлі 34 командаға гол соққан футболшы жоқ. 

Месси Чемпиондар Лигасында 33 командаға гол соққан “Реал Мадридтің” бұрынғы шабуылшысы Рауль мен “Ювентус” шабуылшысы Криштиану Роналдуды басып озды.

Сонымен бірге ойынның 51-минутында Месси симуляция жасағаны үшін сары қағаз алды. 

Ойын 3:1 есебімен “Барселона” клубының пайдасына шешілді. Мессиден бөлек, Суарес пен Гризман мергендігімен көзге түссе, “Боруссия” клубынан жалғыз голды ойынның 77-минутында Санчо соқты. Барселона Ғ тобынан бірінші орынмен келесі кезеңге өтті.

Айта кетейік, 32 жастағы Месси “Барселона” клубы тарихындағы ең үздік бомбардир. Клуб үшін 700 матчта ол 613 гол соғып, 249 нәтижелі пас берген.

0
Рейтинг: +0

Фото: m.sport-express.ru
Қосылған күні: 28 қараша 2019, 10:04

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.