Қазақстандық спортшы қарсыласын ел біле бермейтін әдіспен ұтты

Қазақстандық спортшы қарсыласын ел біле бермейтін әдіспен ұтты

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Ерназ Мұсабек Бахрейнде өтіп жатқан ММА-ден әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.

1/2 финалдың жолдамасы үшін өткен жекпе-жекте Ерназ Мұсабек жарыс қожайыны Мансур Магомедовпен жұдырықтасып, бірінші раундта жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы қарсыласын гогоплата әдісіне (қарсыласын мойнының алдыңғы жағын қысып, қылқындыру әдісі) салып, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады.

Дегенмен қарсыласы соңғы сәтке дейін қылқындыру әдісінен шығуға талпынды, тіпті, қазақстандық спортшының жерге лақтырмақ болды. Алайда Ерназ Мұсабек соңына дейін шыдап, қарсыласын есінен тандырды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от IMMAF - WMMAA (@immafed)13 Ноя 2019 в 4:46 PST

 
А. Рысдәулет