Бельгия соты Александр Винокуровты ақтады

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Бельгия соты Александр Винокуровты ақтады
Фото ©️ Wikiwand

Бельгия соты жемқорлық ісі бойынша "Астана" велокомандасының менеджері Александр Винокуровты ақтап алды.

БӨЛІСУ

- Бұл істің соңына нүкте қойылып, сот жалғыз әділетті шешімді қабылдағананына өте қуаныштымын. Енді тек алға, болашаққа қараймыз! Біз биыл сәтті маусымды өткердік, бірақ алдымызда жұмыс пен жоспарлар көп. Босаңсымаймыз!, - жеп жазды Александр Винокуров Instagram парақшасында.

Велоспорттан Олимпиада чемпионы Александр Винокуров пен ресейлік шабандоз Александр Колобнев жемқорлық ісі бойынша сотқа шақырылып, алты айға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. 

Бельгия прокуратурасы Александр Винокуровқа 2010 жылы Льеж - Бастонь - Льеж классикалық жарысының мәресіне жеткенде қарсыласы Александр Колобневтың әдейі ұтылуы үшін 150 мың еуро берді деп айып тақты. Тергеу ісі бірнеше жылға созылды Екі шабандоз да таққан айыппен келіспей, ақпараттың өтірік екенін алға тартты.