Ғұсман Қырғызбаев Абу-Дабидегі турнирде топ жарды

Ғұсман Қырғызбаев Абу-Дабидегі турнирде топ жарды
Фото: olympic.kz

Қазақ дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде өтіп жатқан Grand Slam кезеңі жарысында жеңімпаз атанды.

Ғұсман 60 килоға дейінгі салмақта топ жарды. Отандасымыз алғашқы белдесуінде кәріс балуаны Ли Харимді ұтса, одан кейін әзірбайжандық Мамадсой Давудтан басым түсті. Артынша бразилиялық Фелипе Пелимді жеңіп, жартылай финалға өтті. Финалдық белдесудің жолдамасы сарапқа салынған белдесуде Ғұсман Қырғызбаев ресейлік Яго Абуладзеден айласын асырды. 

Финалда Ғұсман Қырғызбаев француз Валид Хярды айқын ұтты.

60 килоға дейінгі салмақта Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов те қатысты. Ол финалға шыққан Валиддтен жеңілді. Қола медаль үшін өткен белдесуде ресейлік Яго Абуладзеге жол берді.

Н. Үсенова