МакГрегор: Қазақстанның боксы мен еркін күресі ғажап

Айбар Рысдәулет Корреспондент
МакГрегор: Қазақстанның боксы мен еркін күресі ғажап
Фото ©️ instagram.com/thenotoriousmma/

Аралас жекпе-жектен екі салмақ дәрежесінде UFC тұжырымының бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор Қазақстанның боксына тәнті екенін мәлімдеді.

БӨЛІСУ

Ирландиялық спортшы Украина астанасы Киевте өткен баспасөз конференциясында Қазақстан ММА мен боксы жайлы ой бөлісті.

- Қазақстаннан шыққан ММА спортшыларын білмеймін. Бір білерім, Қазақстанның боксы еркін күресі секілді ерекше және тарихы тереңде жатыр. Қазақстандық файтерлерді кездестіргенім есімде жоқ. Шақырсаңыздар Қазақстанға барып қалуым ғажап емес, - деп жауап қайырды Vesti.kz сайтының тілшісі қойған сұраққа.

Айта кетейік, Конор МакГрегор соңғы жекпе-жегін 2018 жылы қазан айында өткізген. Сол кезде ол ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңіліп қалған еді. Ирландиялық спортшы енді 24 қазанда Мәскеуге ұшып барады.