Хабиб Нурмагомедов Атыраудағы турнирдің арнайы қонағы болады

Хабиб Нурмагомедов Атыраудағы турнирдің арнайы қонағы болады
Фото: news.sportbox.ru

Атырау қаласында ертең өтетін ресейлік "Gorilla Fighting Championship 17" промоушені турнирінің салмақ өлшеу рәсімі өтті.  Қазақстандық спортшылар  12 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.  

ММА кездесулерімен қатар, муай-тай бойынша үш кездесу ұйымдастырылады. Мұндай кездесулердің рейтингісі жоғары, бұл жерде  "JAYYNGER" промоушенінің чемпиондық белдіктері ойнатылады.

Ертеңгі кездесуге 70 килоға дейін салмақта өнер көрсететін UFC чемпиондық белдігінің иегері Хабиб Нурмагомедов келеді деп күтілуде.

Турнирді Атырау облысының Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы, Атырау қаласының әкімдігі, Қазақстанның Панкратион Федерациясы ұйымдастыруда.

"JAYYNGER" промоушенінің негізін салған - Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы. Ұйым алғаш рет үш салмақ дәрежесінде муай-тай спорты бойынша чемпиондық белдік ойнатады. Айта кету керек, "JAYYNGER" промоушені болашақта да Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы құрамына енген спорт түрлері бойынша чемпиондық белдікті ойнататын болады.

Сонымен қатар, кеше РФ ММА спорт түрі бойынша жетекші жаттықтырушысы, Гиннестің рекордтар кітабына түрлі спорт түрі бойынша  18 әлем чемпионын дайындаған Абдулманап Нурмагомедовпен кездесу өтті.  Ол ММА жанкүйерлерімен кездесу өткізді. Олардың қатарында жас спортшылар көп болды. 

Н. Үсенова