Жүкембаев жеңіске жетті

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев Монреальда (Канада) өткен бокс кешінде мексикалық Мигель Васкесті жеңді.

Екі боксшы екінші деңгейлі WBA Continental және IBF Inter-Continental белбеулері үшін қолғап түйістірді. Жекпе-жек жоспарланған 10 раундқа дейін созылып, отандасымыз төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Бір төреші 100-90, қалған екі төреші 99-91 деген есеп тіркеді.

28 жастағы қазақстандық боксшы 17-ші жеңісіне қол жеткізді. Оның 13-ін уақытынан бұрын аяқтаған. Ал мексикалық боксшы болса 9-шы рет жеңілістің кермек дәмін татты. Сондай-ақ 41 рет жеңіске жеткен.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Serik Noyanbaiuly (@serik_noyan)26 Сен 2019 в 11:44 PDT

Мигель Васкес 2010 және 2014 жылдары жеңіл салмақта IBF чемпиондық атағын еншілеген боксшы. Мансабындағы алғашқы жекпе-жегін 2006 жылы қазіргі бокс жұлдызы Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткізіп, жеңіліп қалған. Араға 2 жыл сала отандасына қарсы тағы бір рет шаршы алаңға шығып, тағы да ұтылған.