"Ұлттар лигасында" өзгеріс: Қазақстан құрамасы С лигасына жоғарылады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
"Ұлттар лигасында" өзгеріс: Қазақстан құрамасы С лигасына жоғарылады
Фото ©️ kff.kz

Футболдан 2020/21  жылғы УЕФА Ұлттар лигасының жарыс ережесіне өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде жаңа маусымнан бастап А, В және С лигаларында 16 құрама ойнайды. Ал D лигасында 7 құрама болады. 

БӨЛІСУ

Төрт топтан тұратын командалар соңғы ойынды бір уақытта бастайды. Финалдық кезеңге А лигасының төрт жеңімпазы шығады. 

Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі 2020 жылдың 3 наурызы күні Амстердамда өтеді.  Ал финалдық кезең жеребесінің уақыты кейін анықталады.

A лигасы

Португалия (чемпион), Нидерланд, Англия, Швейцария, Бельгия, Франция, Испания, Италия, Босния және Герцеговина, Украина, Дания, Швеция, Хорватия, Польша, Германия, Исландия

B лигасы

Ресей, Австрия, Уэльс, Чехия, Шотландия, Норвегия, Сербия, Финляндия, Словакия, Түркия, Ирландия, Солтүстік Ирландия, Болгария, Израиль, Венгрия, Румыния

C лигасы

Грекия, Албания, Черногория, Грузия, Солтүстік Македония, Косово, Беларусь, Кипр, Эстония, Словения, Литва, Люксембург, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Молдова

D лигасы

Гибралтар, Фарер аралдары, Латвия, Лихтенштейн, Андорра, Мальта, Сан-Марино

*Бір топта төрт, екінші топта үш команда болады. 

Ұлттар Лигасының күнтізбесі:

1 тур: 3-5 қыркүйек 2020 жыл
2 тур: 6-8 қыркүйек 2020 жыл
3 тур: 8-10 қазан 2020 жыл
4 тур: 11-13 қазан 2020 жыл
5 тур: 12-14 қараша 2020 жыл
6 тур: 15-17 қараша 2020 жыл

Финалдық кезең: 2-6 маусым 2021 жыл

Айта кетейік, Ұлттар лигасының алғашқы маусымында Португалия құрамасы чемпион атанған.