Әлем чемпионаты: Дәулет Ниязбеков алтынға таласады

Әлем чемпионаты: Дәулет Ниязбеков алтынға таласады
Фото: olympic.kz

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Дәулет Ниязбеков финалға жолдама алды.

65 келіде белдесетін Дәулет Ниязбеков алғашқы айналымда таза жеңіске жетті. Ол Қытайлық Тайпей өкілін 10:0 есебімен жеңді. Ал 1/8 финалда моңғол балуаны Тулги Очираны 6:2 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда үнді балуаны Баджранг Пунияға қарсы өткен тартысты жекпе-жекте ауыр жеңіске жетіп, алтынға бір табан жақында түсті.

Ал 57 келі салмақта жартылай финалға шыққан Нұрислам Санаев болса қола жүлдеге таласады. Ол алғашқы айналымда Анатолий Бурианды ұтса, ширек финалда колумбиялық Оскар Урбанодан 10:6 есебімен басым түсті. Алайда 1/2 финалда әлем рейтингінің көшбасшысы, түркиялық Сулейман Атлыға соңғы сәтте жеңісті беріп қойды. 

Айта кетейік, екі балуанымыз жартылай финалға шығып, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының жолдамасына иелік еткен болатын.

А. Рысдәулет