Қанат Ислам 26 қазанда намибиялық боксшымен жекпе-жекке шығады

Қанат Ислам 26 қазанда намибиялық боксшымен жекпе-жекке шығады
Фото: massaget.kz

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (26-0, 21 KO) 26 қазан күні Алматыда жекпе-жек өткізеді. Отандасымыз намибиялық боксшы Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) жұдырықтасады, - деп хабарлайды Qazaq Promotions.

- Қанат Ислам (26-0, 21 KO) келесі жекпе-жекте Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) кездеседі.

Кездесуде Қанат Исламға тиесілі бірінші орта салмақта WBO International чемпион атағы сарапқа салынады.

Естеріңізге сала кетсек, Уолтер Каутондоква WBO нұсқасы бойынша ТОП-10 боксшының тізімінде 10-шы орында тұр, - деп жазды Qazaq Promotions instagram желісіндегі ресми парақшасына.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QAZAQ Promotions (@qazaq.promotions)17 Сен 2019 в 12:07 PDT

Уолтер Каутондоква – 34 жаста. 2018 жылы WBO-ның орта салмақтағы чемпионы Деметриус Андрадемен (26-0, 17КО) қолғап түйістірген. 119-105, 120-104, 120-104 есебімен америкалық боксшыға есе жіберіп, алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татқан. Осы жылдың мамыр айында малавилік боксшы Симон Тшетаны нокаутпен жеңген.

Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 5 шілде күні өткізді. Алматыда Доминикан Республикасынан келген Хулио де Хесусты 14 секундта нокаутқа түсірген болатын.

Н. Үсенова