Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Бокстан әлем чемпионаты: Зәкір Сафиуллин жеңіс жолын жалғады

Бокстан әлем чемпионаты: Зәкір Сафиуллин жеңіс жолын жалғады

Бокстан әлем чемпионаты: Зәкір Сафиуллин жеңіс жолын жалғады

Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде екінші боксшымыз шаршы алаңға шықты.

Жарыстың екінші күні қазақстандық боксшылардың ішінен бірінші болып Бекзат Нұрдәулетов шаршы алаңға көтерілген болатын81 келіде жұдырықтасқан Бекзат Нұрдәулетов Оңтүстік Корея құрамасының өкілі Инжи Хонға қарсылас атанған. Бірінші раундтан басымдық танытқан қазақстандық боксшының қарсыласына қарағанда соққылары дөп тиді. Соңғы раундта Безат Нұрдәулетовтің бірнеше дәл соққысынан кейін кәріс боксшысы нокдаунға түсті. Үш раундтың нәтижесі бойынша төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Енді ол келесі айналымды венесуэлалық Корбай Бареррамен кездеседі. 

Бүгін 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Зәкір Сафиуллин әзірбайжандық Бахтияр Газибаев қолғап түйістірді. Бірінші раундта боксшылар бір-бірін аңдып, көп шабуылдай қойған жоқ. Екінші кезеңде шабуылын үдете түскен Зәкір Сафиуллин қорытынды раундта соққы жаудырып, қарсыласына қорғануға мұрша бермеді. Осылайша үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берді.

Зәкір Сафиуллин - 32 жастағы тәжірибелі боксшы. Жетістіктерінің ішінен 2019 жылы Бангкокте өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанғанын атап өтуге болады. 

Әзірге әлем чемпионатының төрт күнінде екі боксшымыз ғана жекпе-жек өткізіп үлгерді. Өзге боксшыларымыздың кіммен жұдырықтасатынына назар салайық:

52 келіге дейін: Сәкен Бибосынов — Харху Энхимандах (Моңғолия)

57 келіге дейін: Қайрат Ералиев — Йоэль Сегундо Финоль Ривас (Венесуэла)

63 келіге дейін: Закир Сафиуллин — Бахтияр Газибеков (Әзірбайжан)

69 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов — Вуттичай Масук (Тайланд)\ Долголевец Евгений  (Беларусь) жұбының жеңімпазы

75 келіге дейін: Тұрсынбай Құлахмет — Милос Бартл (Чехия)

81 келіге дейін: Бекзат Нұрдәулетов — Корбай Барерра (Венесуэла)

91 келіге дейін: Василий Левит- Дэвид Мишалек (Словакия)

+91 келіге дейін: Қамшыбек Қоңқабаев — Гадфа Дрисси (Испания)\Белберов Петар Руменов (Болгария) жұбының жеңімпазы

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: olympic.kz
Қосылған күні: 12 қыркүйек, 18:14

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.