Күрес түрлерінен әлем чемпионатына қатысатын барлық палуандар анықталды

Күрес түрлерінен әлем чемпионатына қатысатын барлық палуандар анықталды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өтетін әлем чемпионатында сынға түсетін грек-рим шеберлерінің есімі анықталды.

Әзірге 8 келіде бақ сынайтын палуандар белгілі болды. 60 келіде Мейрамбек Айнағұлов пен Айдос Сұлтанғали, ал 82 келіде Мирас Баршылықов пен Мақсат Ережепов өзара мықтыны анықтап, әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болады.

Грек-рим күрестен лицензиялық әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі:

55 келі: Қорлан Жаканша

60 келі: Мейрамбек Айнағұлов / Айдос Сұлтанғали

63 келі: Алмат Кебіспаев

67 келі: Мейіржан Шермаханбет

72 келі: Демеу Жадраев

77 келі: Асхат Ділмұхамедов

82 келі: Мирас Баршылықов / Мақсат Ережепов

87 келі: Азамат Кыстубаев

97 келі: Ерұлан Ысқақов

130 келі: Дамир Күзембаев

Осылайша, әлем чемпионатына қатысатын барлық күрес түрінен ұлттық құрама жасақталды. Бұған дейін еркін және әйелдер күресінен Қазақстан құрамы бекітілген еді.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы:

57 келі: Нұрислам Санаев

61 келі: Расул Қалиев

65 келі: Дәулет Ниязбеков

70 келі: Нұрғожа Қайпанов

74 келі: Данияр Қайсанов

79 келі: Ғалымжан Өсербаев

86 келі: Әділет Дәулембаев

92 келі: Нұрғали Нұрғайыпұлы

97 келі: Әлішер Ерғали

125 келі: Олег Болтин

Әйелдер күресінен 53 келіден басқа салмақтағы палуандар анықталған:

50 келі: Валентина Исламова

55 келі: Марина Седнева

57 келі: Эмма Тисина

59 келі: Мадина Бақбергенова

62 келі: Аяулым Қасымова

65 келі: Айна Теміртасова

68 келі: Ирина Казюлина

72 келі: Жәмила Бақбергенова

76 келі: Эльмира Сыздықова

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға он күннен аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан астанасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша әлем чемпионаты өтеді. Нұр-Сұлтандағы турнир Жапония астанасында өтетін Токио-2020 Олимпиадасына алғашқы іріктеу сайысы болатынымен ерекшеленеді. 

Әлем чемпионатында олимпиадалық ойындарға жолдама алу үшін "Барыс Арена" мұз сарайында 100 елдің 993 мықты палуаны күш сынасады. Мұндай ауқымды спорттық іс-шара спорт қауымдастығында үлкен қызығушылық тудырады. Сонымен қатар, чемпионатқа 200-ге жуық БАҚ өкілдері тіркеліп, жанкүйерлер 7000-нан астам билеттерді сатып алды.

Мәртебелі меймандар арасында ауыр салмақтағы UFC чемпионы Дэниель Кормьенің, сондай-ақ Халықаралық Олимпиада комитетінің басшылығының келуі күтілуде. Чемпионатқа қатысушылар арасында да көптеген жұлдызды спортшылар бар. Еркін күрес өкілдері арасында 97 келі салмақтағы ресейлік "Танк" Абдулрашид Садулаев пен америкалық Кайл Снайдер арасындағы реваншты ең көп күткен тартыс деп санауға болады. Сондай-ақ, италиялық Франк Чамизо мен америкалық палуан Джордан Барроуздың арасындағы айқын қақтығыс болатыны күтілуде. Үш дүркін Олимпиада чемпионы, кубалық Михайн Лопез Нұр-Сұлтанға Олимпиада жолдамасын жеңіп алу үшін және төрт олимпиадалық алтынды жеңіп алған ерлер мен әйелдер арасындағы алғашқы және жалғыз палуан жапон Каори Ичоға теңесу үшін келеді. 

А. Рысдәулет