Жәнібек Әлімханұлы: "Орта салмақтың барлық белбеуін жеңіп аламын"

Жәнібек Әлімханұлы: "Орта салмақтың барлық белбеуін жеңіп аламын"
Фото: Bad Left Hook

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) канадалық Стюарт МакЛелланды (27-4-1, 11 КО) жеңгеннен соң өз салмағындағы барлық белбеулерді иемденгісі келетінін айтты. 

18 тамыз күні Лос-Анджелес қаласындағы Banc of California стадионында өткен бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын бесінші раундта жеңіске жетіп, WBO Global және WBC Continental Americas аймақтық белбеуін қорғап қалды. 

"Дайындығым тамаша өтті. Бапкерім Бадди МакГирт ескі мектептің тәсілімен мен жақсы дайындап шықты. Оның үстіне тамаша спаррингтер өткізіп, жекпе-жекке 100 пайызға дайын болдым. 

АҚШ-та жүргеніме бір жыл болды. Осы уақыт аралығында шыңдала түстім. Орта салмақтағы барлық белбеулерді жеңіп алғым келеді. Кіммен жұдырықтаскым келеді? Орта салмақта "Канело", Андраде, Чарло секілді мықты бокшылар көп. Мен дайынмын және мықты боксшылармен қолғап түйістіргім келеді", - деді Жәнібек Әлімханұлы Top Rank-қа берген сұқбатында. 

Айта кетейік, орта салмақтағы WBA (Super) белбеуі Сауль Альвареске тиесілі, ал WBO белбеуін Деметриус Андраде иемденген. Чарло болса WBC чемпионы. 26 жастағы боксшымыз кәсіпқой рингте жеті жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның үшеуін уақытынан бұрын аяқтаған.

А. Рысдәулет