Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / "Канело" чемпиондық атағынан айырылды

"Канело" чемпиондық атағынан айырылды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақта әлем чемпионы Сауль "Канело" Альваресті чемпиондық атағынан айырды. Бұл туралы журналист Майк Коппинджер жазды.

Мексикалық боксшы ұйым ұсынған міндетті қарсылас Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізуге келіспегені үшін жазаланды. Екі тарап келіссөздер жүргізгенмен, бір тоқтамға келмеген.

"Канелоның" командасы украиналық боксшы тарапымен бейсенбі күнге дейін келісімге келуі тиіс еді. Алайда ақша мәселесіне келгенде қос тарап ортақ шешім шығара алмаған.

Бос тұрған белбеуге рейтингтің көшбасшылары таласуы керек. Тізімге қарасақ "Канелодан" кейін Сергей Деревянченко мен Геннадий Головкин тұр. Яғни осы екеуі жұдырықтасуы тиіс.

- Бұл кездесу 5 қазан күні Нью-Йоркте өтуі мүмкін деген мәлімет бар. Бірақ, білесіздер, өткен жылы Геннадийге де IBF белбеуі керек болмаған-тұғын. Ол кезде де міндетті қарсылас Сергей болатын. Бірақ Головкин ол жекпе-жектен бас тартты. Енді қалай болады екен? – деп жазады спорт журналисі Уалихан Қосанбай.

"Канело" соңғы рет 4 мамыр күні америкалық Дэниель Джейкобспен жұдырықтасты. Лас-Вегаста өткен бокс кешінде жеңіске жетіп, чемпиондық атақтарын сәтті қорғап қалған болатын.

1
Рейтинг: +3

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: Bad Left Hook
Қосылған күні: 02 тамыз, 09:41

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.