Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Жүкембаев қыркүйекте жекпе-жекке шығады

Жүкембаев қыркүйекте жекпе-жекке шығады

Жүкембаев қыркүйекте жекпе-жекке шығады

Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) келесі жекпе-жегін 26 қыркүйек күні Канаданың Монреаль қаласында өткізеді.

28 жастағы отандасымыз мексикалық боксшы Мигель Васкеспен (41-8, 15 КО) қолғап түйістіреді. 32 жасқа келген қарсыласы 2010-2014 жылдар аралығында жеңіл салмақта IBF чемпиондық атағын иеленген.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 10 раундтық ереже бойынша өтеді. Мексикалық боксшы соңғы рет 2018 жылдың желтоқсан айында жекпе-жек өткізген. Жартылай орта салмақта IBO чемпиондық атағы үшін өткен кездесуде жеңіліс тапқан. Бүгінге дейін 49 кездесу өткізіп, тек 8 айқасында ғана есе жіберген. 15 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Мигель Васкес кәсіпқой бокстағы ең алғашқы жекпе-жегін 2006 жылы Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткізіп, ұпай саны бойынша жеңілген. Араға екі жыл салып, "Канеломен" қайта кездескен. Бұл жолы да ұпай саны бойынша есе жіберген. Сондай-ақ ол атақты кіші Тимоти Брэдли, Джош Тейлормен шаршы алаңда жұдырықтасқан тәжірибелі боксшы. 

Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы 16-шы шайқасын 18 мамыр күні өткізген болатын. Монреальда мексикалық Луис Хесус Видалесті (13-6, 6 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген.

Сонымен қатар бұл бокс кешінде Батыр Жүкембаевтен бөлек, бірінші орта салмақтағы қандасымыз Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО), екінші орта салмақта жұдырықтасатын Нұрзат Сабыров (10-0, 9 КО) және орта салмақта Аман Қазанғапов (0-0-1) өздерінің рейтингтік жекпе-жектерін өткізеді.

Айта кетейік, Батыр жақында ғана шаңырақ көтеріп, Гауһар есімді аруды өмірлік серік еткен еді.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Қосылған күні: 18 шілде, 13:02

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.