Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / "Астана" Чемпиондар лигасын бірінші іріктеу кезеңде аяқтады

"Астана" Чемпиондар лигасын бірінші іріктеу кезеңде аяқтады

"Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасын ерте аяқтады. Румынияның ЧФР командасын өз алаңында ұтқанмен, қарымта ойында қарсылық таныта алмады.

Екі команда арасындағы қарымта ойын Клуж-Напока қаласында өтті. Жасыл алаңдағы кездесуде бірінші болып Роман Мұртазаев гол соғып, елордалық команданы алға шығарған. Алайда алаң иелері көп уақыт созбай, есепті теңестіріп кетті. Билель Омрани баспен бағыттаған доп Ненад Эрич қорғаған қақпада тулады.

26 минутта Евгений Постниковтың аяғына тиген доп екінші рет "Астана" қақпасына енді. Бұл тұста да Ненад Эрич командасын голдан құтқарып қала алмады.

ЧФР Клуж ойындағы жеңіс голын 73 минутта соқты. Билель Омрани дубль жасап, командасын екінші іріктеу кезеңіне алып шықты.

Екі ойын қорытындысы бойынша 3:2 есебімен жеңіске жеткен румындық команда екінші кезеңде Израильдің "Маккаби тель-Авив" командасымен кездеседі. Ал "Астана" еурокубок ойындарын Еуропа лигасында жалғастырады. Андорраның "Санта-Колома" клубымен ойнайды. Бірінші ойын 25 шілде күні Андоррада өтсе, қарымта кездесу араға бір апта сала Нұр-Сұлтанда болады.  

0
Рейтинг: +2

Фото: Астана ФК
Қосылған күні: 18 шілде, 02:02

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.