Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Еуропа лигасы. "Ордабасы" Шымкентте "Торпедоны" ұтты

Еуропа лигасы. "Ордабасы" Шымкентте "Торпедоны" ұтты

Еуропа лигасы.

"Ордабасы" футбол клубы Еуропа лигасының іріктеу кезеңін сәтті бастады. Грузияның "Торпедо" командасына қарсы өткен бірінші ойында 1:0 есебімен жеңіске жетті.  

Шымкенттегі футболсүйер қауым еурокубок ойынын сағынып қалғаны рас. Соңғы рет "Ордабасы" 2016 жылы "Чукаричкиге" қарсы ойнаған. Одан бергі аралықта бір рет Еуропа лигасына жолдама ала тұрып, өз алаңындағы ойынды Алматыда өткізді. Себеп – алаң сапасының сын көтермеуі. Биыл да Алматыда өтеді деп күтілген. Оңтүстік жұртының қуанышына орай, Кутайсидің "Торпедо" клубына қарсы өз алаңында ойнау мүмкіндігі бұйырды.

Еуропа лигасы ойынына келген жанкүйерлердің қарасы көп болды. Алғашқы минуттардан-ақ командаларына қызу қолдау көрсете білді. Ал "Ордабасы" осал тұсын байқатқан жоқ.

Кахабер Цхададзе жаттықтыратын команда төреші ысқырығы шалынысымен шабуылға иек артты. Гол соғып, жанкүйерлерін қуантуға асықты. Алайда Грузиядан келген команданың қорғанысы сыр берген жоқ.

Бірінші таймда шымкенттік команда гол соғатын мүмкіндіктер болды. Бірде сәттілік жетіспесе, бірде қарсыластардың қарымы басым болды. Әсіресе бұрыштамадан асырылған доп Темірлан Ерлановтың дәл басына келген. Футболшы бағыттап үлгергенмен, қақпашы қайтарып үлгерді.

Екінші таймда Темірлан өз мүмкіндігін пайдаланды. Бұл жолы бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жетті. Торпедо қақпашысы Ройн Квасхвадзе алға шығып кеткенін дәл аңғарып, допты баспен тура бағыттап үлгерді. Ойында гол соғылып, есеп ашылды. Бұл 67 минут еді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vestikz (@vestikzgram)11 Июл 2019 в 8:59 PDT

80 минуттан аса Ордабасы шабуылшысы Алексей Щеткин гол соққан. Алайда қапталдағы төреші ойыннан тыс қалғанын байқап, гол есепке алынбады.

Соңғы минуттарда "Ордабасының" шабуылы артқан. Бірақ "Торпедо" қақпашысы шеберлігінің арқасында командасын голдан бірнеше рет құтқарып қалды.

Екі команда арасындағы қарымта ойын 18 шілде күні Грузияда өтеді.

0
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 11 шілде, 21:53

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.