Руслан Мырсатаев Тайсонды жеңген боксшыны айқын ұтты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Руслан Мырсатаев Тайсонды жеңген боксшыны айқын ұтты
Фото ©️ massaget.kz

Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде кезекті жекпе-жек аяқталды. Қазақстандық боксшы Руслан Мырсатаев ұлыбританиялық Дэнни Уильямсты айқын жеңді.

БӨЛІСУ

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған. Алайда төртінші раундтан кейін жалғасқан жоқ. Русланның жойқын соққыларынан кейін қарсыласы ес жия алған жоқ. Екінші рет тізерлегеннен кейін бас төреші Серікжан Ешмағамбетов жұдырықтасуды тоқтатты.

45 жасқа келген Дэнни Уильямс кезінде Майк Тайсонды ұтқан. 2004 жылы өткен жекпе-жекте америкалық боксшыны төртінші раундта нокаутпен жеңген. Сондай-ақ танымал украиналық боксшы Виталий Кличкомен WBC чепмиондық белбеуі үшін жұдырықтасып, жеңіліс тапқан.

Айта кетейік, Алматыдағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам мен Доминикан Республикасынан келген Хулио де Хесус жұдырықтасады. Ал осыған дейін шаршы алаңға шыққан Сапарбай Айдаров, Арман Рысбек, Бексұлтан Раушанов, Берікбай Нұрымбетов, Нұрсұлтан Аманжолов, Асқар Ерубек, Абылайхан Құсайынов барлығы қарсыластарын айқын жеңіп шықты.