Әлемнің ең қымбат 100 футболшысының тізімі жарияланды

Әлемнің ең қымбат 100 футболшысының тізімі жарияланды

CIES Football Observatory зерттеу орталығы әлемдегі ең қымбат 100 футболшының тізімін жариялады. 

252,2 миллион еуроға бағаланған франциялық Килиан Мбаппе аталған рейтингде бірінші тұр. Екінші орында 219,6 миллионға бағаланған Мохаммед Салах. Үштікті Рахим Стерлинг 207,9 миллион еуромен қорытындылаған. 

Бес реттен "Алтын доп" алған – Лионель Месси мен Криштиану Роналду 4 –20 орындардан көрінген: 
1. Килиан Мбаппе ("ПСЖ") – € 252,2 млн
2. Мохаммад Салах "Ливерпуль") – 219,6
3. Рахим Стерлинг ("Манчестер Сити") – 207,9
4. Лионель Месси ("Барселона") – 167,4
5. Джейдон Санчо ("Боруссия" Д) – 159,4
6. Садио Мане ("Ливерпуль") – 157,8
7. Харри Кейн ("Тоттенхэм") – 155,2
8. Роберто Фирмино ("Ливерпуль") – 144,2
9. Антуан Гризманн ("Атлетико") – 143,8
10. Лерой Сане ("Манчестер Сити") – 137,1

...20. Криштиану Роналду ("Ювентус") – 118,1.

Ал осыдан екі жыл ғана бұрын әлемнің ең қымбат ойыншысына айналған Неймар биылғы жарақаттары мен туындаған дауға байланысты 17-орынға түсіп кетіпті. 


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар