Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты жеңді

Massaget.kz Корреспондент
Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты жеңді

Геннадий Головкин қарсыласы Стив Роллсты нокаутқа түсіріп жеңіске жетті. Бұл – GGG мансабындағы 39-жеңіс. Шоу Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті. 

БӨЛІСУ

74,4 келіге дейінгі орта салмақта жұдырықтасқан спортшылар арасындағы жекпе-жек төрт раундқа созылды. Төртінші раундта Геннадий Головкин Стив Роллсқа жойқын соққылар жасап, нокаутпен жеңді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

С победой, GGG! ⠀ Бывший чемпион мира в среднем весе по версиям WBC, WBA (Super), IBF и IBO казахстанец Геннадий Головкин нокаутировал канадца Стива Роллса, сообщает корреспондент @Vestikzgram. ⠀ Поединок состоялся в промежуточном весе (до 74,4 килограммов) и стал главным событием вечера бокса, который прошел на арене Madison Square Garden в Нью-Йорке. В раунде GGG отправил Роллса в нокаут. ⠀ Напомним, этот поединок стал для Головкина первым из шести по трехлетнему контракту со стриминговым сервисом DAZN. В конце апреля казахстанец объявил о расставании с Абелем Санчесом, с которым работал с 2010 года. К этому поединку казахстанца готовил новый наставник Джонатан Бэнкс. ⠀ #GGGалға #GGGalga #GGGbizbirgemyz #GGGмывместе #GGG​​ #Golovkin​​ #GGGBoxing​​ #GGGPromotions​​ #DAZN​​ #MSG​​ #NYC​​ #KAZ​​ #boxing​ #бокс​​ #Головкин​​ #GolovkinRolls​​ #GGGvsRolls​​ #ГоловкинРоллс​​​ #GGGRolls​​ #USA​​ #США​​ #Kazakhstan​​ #Казахстан​​ #Vestikz​

Публикация от Vestikz (@vestikzgram)8 Июн 2019 в 8:15 PDT

Бұл – Геннадий Головкиннің DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алты кездесуінің алғашқысы. Бұған қоса, жаңа бапкері Джонатан Бэнкстің жаттықтыруымен  алғаш рет жұдырықтасып отыр.

Бұған дейін Геннадий Головкиннің табысы 2 миллион доллар делінген, бірақ ESPN басылымы оның кездесуден кейін алатын табысы 15 миллион АҚШ долларына дейін жетеді деген еді.

Бокс кешінде Головкинмен бірге қазақстандық Әли Ахмедов пен Бақтияр Эюбов та жұдырықтасты. Әли Ахмедов америкалық Маркус Макдэниэлді нокаутқа түсіріп, WBC титулын жеңіп алды. Бұл – оның мансабындағы 15-жеңіс.

Ал Бақтияр Эюбов америкалық Брайан Себальодан жеңіліп қалды. Жеңімпаз төрешілер шешімі бойынша анықталды. Олар америкалық боксшыны бірауыздан жеңімпаз деп атады. Есеп: 79-73, 78-74 және 80-72. 32 жастағы Бақтияр Эюбов алғаш рет жеңіліп отыр. Бұған дейін ол 14 кездесу өткізіп, оның 12-сін нокаутпен жеңіп, бір кездесуде тең түскен еді.